- Басты
- Жаңалықтар
- Қостанай облысының агробизнесін дамытуға 19,3 млрд теңге бөлінді – ҚазАгро
Қостанай облысының агробизнесін дамытуға 19,3 млрд теңге бөлінді – ҚазАгро
10 Қазан, 2014 18:17
Қостанай облысындағы агробизнесті дамытуға «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің қаржы институттары жыл басынан бері 19,3 млрд теңге бөлді.
Өңірде аграрлы несиелік корпорациялар арқылы 2014 жылы 1805,5 млн теңгенің 14 несиелік серіктестігі қаржыландырылды, деп хабарлайды ҚазАгро.
Холдингтің өзге үлескер компаниясы Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры арқылы облыстағы шағын және орта бизнестің 584 субъектісі 1 млрд теңгенің шағын несиесіне қол жеткізді. Соның ішінде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 887,1 млн теңгенің 448 шағын несиесі берілді.
Сонымен қатар, облыс шаруалары 4,8 млрд теңгенің 264 техникасын сатып алу келісіміне қол қойды. ҚазАгроның инвестициялық портфелінде облыс бойынша жалпы құны 30,6 млрд теңгенің 41 жобасы жатыр. Соның ішінде бүгінгі таңда жалпы құны 27,5 млрд теңгелік 35 жоба қолға алынды. Нәтижесінде, 889 жаңа жұмыс орны ашылды.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы