- Басты
- Жаңалықтар
- Әзербайжан, Грузия және Армения ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындықтарын растады – СІМ
Әзербайжан, Грузия және Армения ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындықтарын растады – СІМ
Армения Сыртқы істер министрі Э.Налбандянмен және Экономика министрі К.Чшмаритянмен кездесулер өтіп, Арменияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы, сондай-ақ екіжақты мәдени-гуманитарлық, сауда-экономикалық және парламентаралық ынтымақтастықты жандандыру мәселелері талқыланды.
Тбилиси қаласында ЭКСПО-2017 Комиссары Грузия Президенті Г.Маргвелашвилимен, Вице-Премьер – Экономика және тұрақты даму министрі Г.Квирикашвлимен және Сыртқы істер министрі М.Панджикидземен кездесті. Президентпен кездесу барысында Комиссар Қазақстан Президенті атынан ЭКСПО-2017 көрмесіне шақыру хатын табыс етті. Г.Маргвелашвили өз кезегінде қазақстандық тарапқа алғысын білдіріп, Грузия Қазақстандағы көрмеге белсенді атсалысатынын хабарлады. Сонымен қатар, Грузияның бірқатар мемлекеттік орган басшыларымен болған кездесулер барысында Қазақстанның Грузиядағы инвестициялық жобалары, екі елдің Үкіметаралық комиссиясының әрекетін жандандыру және туризм саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне назар аударылды.
Әзербайжанда Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Н.Мамедовпен, Энергетика министрі Н.Әлиевпен және Мәдениет министрі А.Гараевпен кездесулер өтті. Кездесулер барысында Әзербайжанның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы жөніндегі Қазақстан мен Әзербайжанның тиісті салалық органдары арасындағы өзара іс-қимыл, экономиканың технологиялық, құрылыс, энергетикалық, оның ішінде баламалы энергетика салаларында қызмет атқаратын корпоративті қатысушыларын жұмылдыру мәселелері талқыланды. Мәдениет және туризм министрлігіндегі кездесуден кейін «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ мен Әзербайжанның туризм индустриясы ассоциациясы арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Сапардың маңызды қорытындысы ретінде Әзербайжан, Грузия және Арменияның Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуын растағандықтарын атап өтуге болады.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы