• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс Бюросында Палатаның алдағы жалпы отырысының күн тәртібі анықталды

Мәжіліс Бюросында Палатаның алдағы жалпы отырысының күн тәртібі анықталды

10 Қазан, 2014 15:21
Бүгін Қабиболла Жақыповтың төрағалығында Мәжіліс Бюросы өтті. Онда Палатаның алдағы жалпы отырысында қаралатын күн тәртібінің жобасы нақтыланды.

Депутаттар талқылауына бірінші оқылымда  зияткерлік  меншік  саласын құқықтық реттеу;  Халықаралық теңіз ұйымының аудитінен өту мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер жобасы ұсынылады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, жалпы отырыста сотталған адамдарды беру туралы қазақстандық-итальяндық шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралады.

Одан әрі күн тәртібі жобасында бейінді комитеттер үшін қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындауды қажет ететін Атом энергиясын пайдалану туралы заң жобасы ілеспелі түзетулермен, сонымен қатар, білім беру мәселелеріне қатысты жаңа енгізілімдер жобасы,  сондай-ақ,  Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы, Сот төрелігіне халықаралық қол жеткізу туралы конвенцияларды,  Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіруге байланысты  келісімді ратификациялауға қатысты құжаттар бар.   

Барлық жаңалықтар