• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысында 2020 жылға қарай ет өндіру көлемін 40 пайызға жеткізу жоспарланған

Жамбыл облысында 2020 жылға қарай ет өндіру көлемін 40 пайызға жеткізу жоспарланған

10 Қазан, 2014 12:33
Жамбыл облысында 2020 жылға қарай ет өндіру көлемін 40 пайызға жеткізу жоспарланған. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев мәлімдеді.

«2020 жылға қарсы қолданылып жатқан шаралар есебінен ет өндірісі көлемін өсіру 82 мың тоннаға (2013 жылы – 59 мың тонна) немесе 40 пайызға жетеді. Сүт өнімін өндіру 325 мың тоннаға немесе 20 пайызды құрайтын болады», - деді әкім.

Оның айтуынша, ет, сүт өнімдерін  өндіру өнеркәсібі қарқынды өсуде. Сондай-ақ, аймақта сүт пен сүт өнімдерінің тапшылығы кездесіп, ет өңдейтін кәсіпорындардың жұмысы көбейгені байқалады. Яғни, ет өңдейтін кәсіпорын жұмысы – 60 пайыз, сүт өңдеуші кәсіпорын – 30 пайыз.

Сондай-ақ, Жамбыл облысында Бурнен ірімшік зауыты пилоттық жобасы жұмыс істейді, ол 25 тонна сүт өңдеп шығарады, 2014 жылдың 7 айы бойынша облыста 0,3 млн доллар ет пен 5,3 млн доллар сүт өнімі өндіріледі.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар