Қазақстандық кәсіпорындар өнімді сату нарығын кеңейтуі керек – Мәсімов

10 Қазан, 2014 12:26
Қазақстандық кәсіпкерліктер өз қызметтерін шетелдік компаниялармен кооперациялап, отандық өнімді сату нарығын кеңейтуі керек, дейді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов.

«Машина жасау  саласы мемлекет мүмкіндігі мен ел экономикасының тоғыстыратын үлкен сала. Қазіргі таңда әлем энергетикалық ресурс пен базалық шикізаттық өнімдерге төмен баға цикліне өтуде. Ел бюджеті энергетикалық ресурс пен өзге де шикізаттық өнімдерге тәуелді Қазақстан мен өзге де бірқатар мемлекеттердің осыған орай мүмкіндігі де азая түспек. Нәтижесінде машина құрастыру саласының қашанда сұранысқа тәуелділігін ескерсек, біздің өнімге деген сұраныстың алдағы уақытта бәсеңдеуіне де дайын болу керек», - деді К.Мәсімов Қазақстанның машина жасаушылар  Форумында.

Осыған орай, Премьер-Министрдің айтуынша, өзіміздің стратегияны құрып, еңбек өнімділігін арттыру, қосымша ауыртпалықтарды азайту үшін компания ішінде үлкен жұмыстар атқару керек. «Қазақстанның кооперациялау мүмкіндігін игеру үшін өзге компаниялармен жұмыс істеп, елді әлемдік экономиканың бір бөлігіне айналдыру керек», - дейді Үкімет басшысы.  

Сонымен қатар, Үкімет басшысы Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы құжат ратификацияланып, келер жылдың қаңтарынан бастап өз күшіне енетінін еске салды.

«Бұл бір жағынан мемлекеттер арасындағы белгілі бір деңгейдегі кооперация. Қазақстандық өнеркәсіптер өнімінің сату нарығын кеңейту деген сөз. Екіншіден, Брюсселде Мемлекет басшысы Еуропалық одақ президентімен ЕО пен Қазақстан арасындағы әріптестікті дамыту келісімі туралы келіссөздерді аяқтады. Бұл өз кезегінде Қазақстан компанияларының еуропалық компанияларымен кооперацияға түсуіне мүмкіндік береді. Үшіншіден, Қазіргі таңда біз Қазақстанның ДСҰ-ға енуі туралы келіссөздердің ақырғы кезеңінде тұрмыз, көп күттірмей бұл да бітіп қалатын шаруа», - дейді ол.

«Бұл Қазақстанға шетел инвесторларының еркін кіріп еркін жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Осының нәтижесінде отандық компаниялар әлемдік нарыққа шығып, бір жағынан ортақ заң бойынша қызмет етеді», - дейді К.Мәсімов.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар