- Басты
- Жаңалықтар
- 4 жылда машина жасау саласына 1 млрд-тан астам еуро инвестицияланды – Исекешев
4 жылда машина жасау саласына 1 млрд-тан астам еуро инвестицияланды – Исекешев
«2010 жыл мен 2014 жылдың бірінші жартыжылдығы аралығында Индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 200,8 млрд теңге болатын машина құрастыру саласының 70 жобасы қолға алынды. Осы төрт жылда салаға 1 млрд еуродан астам инвестиция салынды. Нақтырақ айтар болсақ, бәрінен бұрын әлемдік GE, Alstom, Toyota, Simens машина жасау өнімдерін өндірушілер технологиясы түрінде тартылды», - дейді ведомство басшысы.
2013 жылы саланың негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 48 млрд теңгені құрады, бұл 2008 жылғы көрсеткіштен 3,5 есе артық. 2013 жылдың қорытындысы бойынша машина құрастыру саласы экспорты 1,3 млрд долларды құрады.
Бес жылда сала өнімінің көлемі 2008 жылғы 301,4 млрд теңгеден 2013 жылы 853,9 млрд теңгеге дейін артып, 3 есеге көбейді. 2008-2013 жылдар аралығындағы нақты өсім 175,1 пайызға жетті, деді министр.
«Өндірілетін өнім түрлері де артты. Егер 2008 жылы Қазақстанның машина жасау саласында бар болғаны 3 негізгі бағыт жұмыс істесе, 2012 жылы машина құрастыру саласында 6 бағыт бойынша өнім шығарыла бастады. Олар: автокөлік құралдары, машинаны орнату мен жөндеу, электрлік құрылғылар, электронды және оптикалық өнім өндірістері», - деді Ә.Исекешев.
Сонымен қатар, локомотив, жолаушылар және жүк вагондары, жеңіл және жүк көліктері, арнайы техника, сонымен қатар олардың құрастырушы бөлшектері, мобильді бұрғылау қондырғылары, индустриялды аккумуляторлар өндіру игерілді.
Камила Амирова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді