- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Қырғызстан полицейлері терроризмге қарсы күрес саласы бойынша ынтымақтасу сұрақтарын қарастырды
Қазақстан мен Қырғызстан полицейлері терроризмге қарсы күрес саласы бойынша ынтымақтасу сұрақтарын қарастырды
Мемлекетаралық жиынға ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов, Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бақтыбек Жүсібалиев пен Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының Ұлттық қауіпсіздік Комитет және Қырғыз елінің Шу және Талас облысының ішкі істер басқармасы өкілдері қатысты.
Кездесуді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов ашты. Оның айтуынша, аталған істердің мемлекетаралық режимде өтуінің маңызы зор. Қырғыз елінің делегациясының атынан Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бақытбек Жүсібалиев сөйледі.
ІІМ жетекшілері көрші елдер арасында орын алған криминалды жағдайлар туралы ақпарат алмасып, жүйелік және жоспарлық жұмыстың барысын талқылады.
Отырыста елдердің шекаралық аймақтарындағы ішкі істер бөлімінің жұмыс істеуі мен олардың тәжірибе алмасуы алға тартылды. Осыған орай тараптар мал ұрлау, терроризм, экстремизммен күресті ынтымақтасып күшейту ұсыныстары талқыланды.
Айта кетейік, 2012 жылы заң бұзушыларға талапты күшейту мақсатында «2013-2014 жылға арналған өзге мүлікті тонауға қарсы күрес жүйесі» бағдарламасы құрастырылған болатын.
Бағдарламаның орындалу барысында ағымдағы жылы Жамбыл облысында «Жамбыл облысы бойынша 2013-2014 жылға арналған өзге мүлікті тонауға қарсы күрес кешенді бағдарламасы» жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда бағдарлама жүзеге асырылуы үшін облыс әкімдігінде талқылауға алынды.
Оған қоса Ішкі істер органдары қатысқан отырысқа Жамбыл, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облысының кедендік, шекаралық ветеринарлық - санитарлы қызметінің өкілдері қатысты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары