- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Машина жасау саласы индустриялды дамудың келесі кезеңінің қозғаушы күшіне айналуы керек
Н.Назарбаев: Машина жасау саласы индустриялды дамудың келесі кезеңінің қозғаушы күшіне айналуы керек
«Құрметті Форумға қатысушылар, құрметті қонақтар, Қазақстанның машина жасаушылары II Форумының ашылуымен құттықтаймын. Соңғы төрт жылда Қазақстанның машина жасау саласы тұрақты өсіп келе жатыр. Индустрияландырудыың бірінші бесжылдығын іске асыру кезінде саладағы өнім көлемі екі есеге дейін артты. Атап айтсақ, 2010 жылы бұл көрсеткіш 376 млрд теңге болса, 2013 жылы 854 млрд шамасында болды», - делінген Мемлекет басшысының сөзінде.
Оның айтуынша, елде машина құрастыру саласының жаңа тармақтары да даму үстінде: темір жол, локомотив өндірісі, жолаушылар поезы, автокөліктер, автобустар өндірісі, жүк және жеңіл көліктер мен энергетикалық машина өндірісінің болашағы зор.
«Қазақстанда «General Electric», Talgo, Hyundai, Toyota секілді атақты компаниялармен бірлесе жұмыс істеу жолға қойылған. Көптеген атақты брендтер Қазақстанда жаңа жобаларды қолға алуда. Бұл дегеніңіз инвесторлардың сеніміне кірудің таптырмас кілті. «Инвестиция туралы» Заңға енгізілген түзетулерге байланысты Үкімет әлеуетті инвесторлармен жүйелі жұмыс істеп, алдағы уақытта жаңа жобалар бойынша ауқымды шаралар атқарылады деп сенеміз», - дейді ол.
2015 жылдан бастап Қазақстанда 2019 жылға дейінгі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қолға алынады. Бағдарламадағы 14 салалық басымдылықтың алтауы машина құрастыру саласына тиесілі.
«Машина құрастыру саласы индустриялды дамудың келесі кезеңінің қозғаушы күшіне айналуы керек. Форумның Қазақстанға жаңа инвесторлар тартуына жол ашып, қазақстанның машина жасау саласының инновациялық дамуына қосымша серпін беретіні анық», - делінген Президент сөзінде.
Камила Амирова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Дін саласы: «YZ CLUB» алаңы, «Жусан» операциясы және деструктивті діни ағымдар -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары