- Басты
- «Астана ЭКСПО-2017» «Парасат» холдингі және СҚО әкімдігімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды
«Астана ЭКСПО-2017» «Парасат» холдингі және СҚО әкімдігімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды

Тараптар ЭКСПО көрмесін қазақстандық ғалымдардың зерттемелерімен қамтамасыз ету үшін күш біріктіруге ниетті. «ЭКСПО-2017 шеңберінде Қазақстан Республикасының таза қуат көздерін әзірлеу туралы» 2013-2017 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша инновациялық ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асыру және халықаралық мамандандырылған көрмеде оларды таныстыру жоспарланып отыр.
Меморандумға сәйкес, «Парасат» холдингі көрменің «Болашақ энергиясы» тақырыбына қатысты отандық ғалымдардың әзірлеген жобаларын ұсынбақ. Көрме аяқталған кезде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы оған ұсынылған жобалар мен макеттердің технологияларын өндірісте қолдануға мүмкіндік алады.
«Парасат» ҰҒТХ» АҚ өкілдері хабарлағандай, қайта жаңартылатын энергетика туралы бағдарламаның ғылыми негізін келесі бағыттар құрап отыр: күн энергетикасы, жел энергетикасы, түрлі бағыттарды қиыстырған энергетика түрлері, сутегі энергетикасы, биоэнергетика, геотермалды сулар, шағын су энергетикасы, қуат үнемдеу, деп хабарлады холдингте.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияевтың Елбасымен кездесуі кезінде берілген тапсырмаларды орындау мақсатында ынтымақтастық туралы екінші меморандумға қол қойылды. Қазақстан Президенті ел аймақтарының ЭКСПО-2017 көрмесін дайындауға қатысу белсенділігінн арттыруды және көрме кешенін салуға қажетті материалдарды шығарумен айналысатын шағын және орта бизнес субъектілерін жұмыспен қамтуды тапсырған болатын.
«Меморандумда мемлекеттік құрылымдар, ғылым, бизнес, ҮЕҰ өкілдерінің және Солтүстік Қазақстан облысы жастарының «Астана ЭКСПО-2017» ҰК ұйымдастыратын іс-шараларына, оның ішінде жыл сайынғы «Болашақ энергиясы» форумына қатысуы туралы айтылған. Солтүстік Қазақстан облысының экспозицияларын Қазақстанның ұлттық павильонында және Халықаралық мамандандырылған көрменің ең үздік жобалар аумағына орналастыру бойынша, сондай-ақ, басқа да іс-шаралар бойынша ынтымақтасу қарастырылған», - делінген хабарламада.
Ұлттық компания мұндай меморандумдарды Қазақстанның барлық өңірлерімен жасауды жоспарлап отыр.
-
МИБ пен ЖС-ны құру үшін не істеу керек, қандай құжаттар қажет және ХҚО-да қалай тіркейді
-
Зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін өтініш қалай және қайда жіберіледі
-
МӘМС: Кімдер тіркелді, халыққа қандай көмек көрсетілді және қордың пандемия кезіндегі жұмысы
-
Тоқаев жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
-
"Nur Otan" партиясынан Мәжіліске жаңадан сайланған депутаттар мандаттық туралы пікірлерін айтты
-
Әлеуметтiк-экономикалық даму-2020: Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі, сауда айналымы және инвестиция
-
А.Сарғазин: Бүгін дауыс беру шарттарын бұзу туралы шағым түскен жоқ
-
Елімізде Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау басталды
-
«Қоғамдық кеңестер туралы» заңға қандай өзгерістер енгізілді
-
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2020 жылғы қорытындылары
-
Зейнеткер және қандас куәліктері енді eGovMobile қосымшасында қолжетімді
-
Қазақстанның әскери ғылымы: іс жүзінде қолдануға арналған бағыт
-
Қазақстан халқы оппозициялық күштерді неге қолдамайды? Сарапшы пікірі
-
Балаларға арналған демалыс және бейімдеу орталықтарын ұйымдастыру бойынша жобалар акселерациядан өтті
-
Қазақстан және Канада: келешегі мол ынтымақтастық

