- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен ЕО ДСҰ-ға кіру келісімі жобасы бойынша келіссөздерді аяқтады
Қазақстан мен ЕО ДСҰ-ға кіру келісімі жобасы бойынша келіссөздерді аяқтады
Қазақстан Президенті өз сөзінде Қазақстан мен Еуропалық одақтың арасында дипломатиялық қатынастар орнатқан сәттен бері жиырма жыл өткеніне және осы жылдардың бәрінде өзара іс-қимылымыз өрлеп отырғанына тоқталды.
«Қазақстанның сыртқы саудасының 50 пайызы мен елімізге келген және экономикамызды көтерген тікелей шетелдік инвестициялардың 50 пайыздан астамы ЕО елдерінің үлесіне тиеді. Қазақстан өз кезегінде біріккен Еуропаның Орталық Азиядағы негізгі сауда-экономикалық серіктесіне айналды», - деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Еуропалық одақтың арасындағы ынтымақтастықты көптеген салалар бойынша тереңдетуді қарастырған мықты заңнамалық іргетас қаланғанына назар аударды.
«Ол халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа атсалысуды қоса қамтитын саяси диалогты, сондай-ақ білім, денсаулық, мәдениет, инновациялар енгізу мәселелерін қамтиды. Біз құқықтық салада, соның ішінде терроризмге қарсы тұру, ұйымдасқан және трансұлттық қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге ниеттіміз. Сонымен қатар, жаңа Келісімде өңірлік ынтымақтастықты жандандыру жағы да көрініс тапқан», - деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев жаңартылған Сауда тарауы жаңа Келісімнің негізгі аспектілерінің бірі болып саналатынын атап өтті.
«Ол Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі аясында қабылдайтын, сондай-ақ Кеден одағы мен Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарт аясында қабылданған міндеттемелерін ескерген. Тараптар арасында виза режимін жеңілдету туралы келісімді Реадмиссия туралы келісіммен бір мезгілде әзірлеу мүмкіндігі туралы уағдаластық Қазақстан мен ЕО қарым-қатынасындағы нағыз серпілістің бірі болғанын айрықша атап өткім келеді», - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті Келісімді жүзеге асыру Қазақстан мен ЕО арасындағы экономикалық байланыстардың кеңеюіне септігін тигізетініне сенім білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы