- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Бишімбаев: ҚДБ несиелік портфелі 2015 жылдың басында банк активінің 52% құрайтын болады
Қ.Бишімбаев: ҚДБ несиелік портфелі 2015 жылдың басында банк активінің 52% құрайтын болады
«Қазақстанның Даму Банкінің несиелік портфелі 2013 жылмен салыстырғанда 57 пайызға көбейіп, 2014 жылдың 1 қыркүйегінде 539 млрд теңгені құрады. Болжам бойынша 2015 жылдың басына қарай банк активінің 52%-ына жетіп, 732 млрд теңге болмақ», - дейді Қ.Бишімбаев.
Айта кетерлігі, ҚДБ стратегиясы несиелік белсенділікті 75 пайызға дейін арттыруды көздейді. Холдингтің қызмет еткен уақытынан бері Қазақстанның Даму Банкі 254,1 млрд теңгенің 19 жобасын қаржыландырды.
«2013 жылдың қорытындысы бойынша холдинг табысы рекордтық көрскеткішке жетіп, 29,4 млрд теңгені құрады. Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында кіріс 12,3 млрд теңгені құрады. 2014 жылы барлық компаниялардың шығынға ұшырамауын күтіп отырмыз», - дейді ол.
Сонымен қатар, 2013 жылдың басымен салыстырғанда ұлттық холдинг активі 251 млрд теңгеге артып, 2,1 трлн теңгеге жетті.
«2014 жылдың 28 айындағы несиелік портфель барлық ұйымдар бойынша 979 млрд теңгені құрады. Несиелік портфельдің өсімі 478 млрд теңге. Онда барлық қарыз түрі қамтылған. Тікелей инвестиция көлемін көрсететін инвестициялық портфель 9,3 пайызға артып, алғашқы сегіз айда 28,3 млрд теңгеге жетті», - дейді.
Камила Амирова
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады -
2021 жылдың бірінші тоқсанында 683 мыңнан астам адам АӘК алды -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады -
Қазақстандық әнші халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасында бақ сынауда -
Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал өткен жылдың жаз айларындағы жағдайға ұқсас -
AntikorLive: Азия Даму банкінің Серіктестерінің «қара тізімге» ену себебі айтылды