Алматы облысында ҮИИД МБ аясында 7 мың жұмыс орны ашылды

9 Қазан, 2014 18:31
Бүгінгі күні Индустрияландыру картасы аясында 59 жоба жүзеге асырылса, соның 47 нысаны пайдалануға беріліп, жеті мың жұмыс орны ашылды. Бұл облыс әкімі Амандық Баталов облыстық мәслихат депутаттарының алдында берген есебінде айтты.

Биылғы жылдың сегіз айындағы көрсеткіш бойынша өнеркәсіпте 390,3 млрд. теңгенің, өңдеу секторында 319,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Бүгінгі күні Индустрияландыру картасы аясында жалпы сомасы 310 млрд.теңгеге 59 жоба жүзеге асырылса, соның 253 млрд.теңгелік 47 нысаны пайдалануға беріліп, жеті мың жұмыс орны ашылды. 

Ауыл шаруашылығы саласында 178,7 млрд.теңгеге өнім өндірілді.Биылғы жылы 726,5 мың шаршы метр тұрғын үй салынды.«Жұмыспен қамту Жол картасы - 2020» бағдарламасы қарқын алып, соның аясында қаңтар-тамыз айлары аралығында 10528 адам жұмыспен қамтылған.

Облыс бойынша жаңа оқу жылында 12 жаңа мектеп пайдалануға берілді. 57 білім нысанына сейсмокүшейту, құрылыс және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін тағы 15 мектеп, 8 балабақша, барлығы 34 нысан пайдалануға беріледі.Денсаулық сақтау саласында биылғы жылы 34 нысанның күрделі жөндеу және құрылыс жұмыстары аяқталады. 

« Елбасымыздың экономикалық өсімінің тұрақты қарқынын қамтамасыз етуге және сақтауға, халықтың тұрмыс деңгейін көтеруге бағытталған тапсырмаларын орындау үшін барлық күш-жігерімізді жұмылдыруымыз қажет.Ол үшін бізде барлық мүмкіндіктер мен резервтер бар. Оларды толық көлемде пайдалануға тиіспіз», - деді А.Баталов.

 

Барлық жаңалықтар