- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл 350 мың терминді қамтитын сөздік жарыққа шығады - С.Сәлемов
Биыл 350 мың терминді қамтитын сөздік жарыққа шығады - С.Сәлемов
«2000 жылғы сөздіктердің әр томында шамамен 5-6 мың термин қамтылып, барлық терминдер саны шамамен 150-160 терминді құраса, биылғы жылы шығарылатын сөздіктердегі терминдер саны шамамен 350 мыңды құрайды. Бұл көрсеткіш, бір жағынан, қазақ тілінің терминқорының үнемі жаңа терминдермен толығып отыратындығын көрсетсе, екіншіден, бұл салада үлкен жұмыс атқарылып отырғандығын көрсетіп отыр»,- деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Серік Сәлемов.
Сонымен қатар, С.Сәлемов алдағы уақытта ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде елімізде басып шығарылатын барлық сөздіктердің арнайы орталықта сараптамадан өткізетін арнайы орталық ретінде ведомствоға қарасты мемлекеттік мекеме ашу бастамасы көтеріліп жатқанын айтты.
«Министрлік тарапынан еліміздің барлық аумағында меншік нысанына қарамастан барлық шығарылатын сөздіктерді арнайы орталықта сараптамадан өткізетін арнайы орталық ретінде ведомствоға қарасты мемлекеттік мекеме ашу бастамасы көтерілуде. Мәселенің маңыздылығын ескере отырып алдағы уақытта бұл бастама Үкімет тарапынан қолдау табады деген сенімдеміз», - деді С.Сәлемов.
Оның айтуынша, аталмыш орталық тұратын, қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорын қалыптастыру, терминдерді біріздендіру, басқа да сөздіктердегі «ала-құлалықты» реттеу және сөздіктердің бірыңғай базасын қалыптастыру, қазақ тілі терминдерінің көпшілікке қолжетімді электрондық базасын жасау, терминдерді мақұлдау жұмыстарымен айналыспақ.
Бауыржан Мұқанов
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты