- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы мен ШҚО педагогтары өзара тиімді әріптестік қатынас орнатты
Алматы мен ШҚО педагогтары өзара тиімді әріптестік қатынас орнатты
Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы педагогтары тәжірибе алмасу үшін Өскемен қаласында бірқатар шаралар ұйымдастырылды.
Мектептерде «Мемлекеттік инновациялық даму стратегиясын» жүзеге асыру аясында білім сапасын арттыру тақырыбында диалогтік алаң өтті. Қатысушылар алматылық педагогтар өткізген ашық сабақтарға қатысып, білім саласының келешегі мен кейбір түйткілді мәселелерді талқылады, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.
Облыстағы білім беруді дамытудағы пилоттық жобалардың рөлі тақырыбында Оқушылар шығармашылық сарайында өткізілген интерактивтік көрме қонақтар назарына ұсынылды. Көрмеге Алматы мен Өскемен қаласының оқушылары құрастырған робототехникалар қойылды.
Білім саласы қызметкерлерінің қатысуымен «Білім сапасы – мектептің инновациялық даму шарттары» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Басқармалар арасында бекітілген меморандум екіжақты тиімді әріптестік бағыттарын айқындап берді.
«Бекітілген құжат аясында біздің аймақ пен Алматы қаласы арасында ұзақ мерзімді және жемісті әріптестік жоспарлануда. Білім басқармасының білім беру қызметін насихаттауда, біріккен инновациялық жобаларды дайындап, жүзеге асыруда күш біріктіретін боламыз. Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауды ұйымдастыру жөніндегі тәжірибелерімізбен алмасатын боламыз», – деді ШҚО білім басқармасының басшысы Асқар Нұрғазиев.
Бекітілген меморандум аясында ғылыми әдістемелік семинарлар мен конференцияларда қатысты сала бойынша жинақталған білім мен тәжірибе алмасу, балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту бойынша мектеп топтарымен алмасу қарастырылған.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді