• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан 2025 жылға қарай жемқорлық дәрежесі төмен 30 елдің қатарына енуді жоспарлауда – Байбек

Қазақстан 2025 жылға қарай жемқорлық дәрежесі төмен 30 елдің қатарына енуді жоспарлауда – Байбек

9 Қазан, 2014 14:48
Қазақстан 2025 жылға қарай жемқорлық дәрежесі төмен 30 елдің қатарына енуді жоспарлауда. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қазақстан азаматтық альянсы ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.

«2025 жылға қарсы біз жемқорлық дәрежесі төмен 30 елдің қатарына енуді жоспарлап отырмыз. Ол 4 талап бойынша жемқорлықты азайтуға бағытталған, бәсекелестіктің жаһандық индексі бойынша Дүниежүзілік банктің индикаторына сйкес бизнесті енгізу үшін бейресми түрде пара немесе төлем қабылдау», - деді Б.Байбек.

Оның айтуынша, партияның жемқорлыққа қарсы іс –қимыл бағдарламасын  сәтті жүзеге асыру үшін кешенді индикаторлар арнайы өлшем бөлуге мүмкіндік береді.

«Біздің елде 2050 Стратегиясын жүзеге асыру бойынша индекстер – арнайы өлшем бөле алатын кешенді индикаторлар, біз бағдарламада халықтың сену индексін енгіздік, нақтырақ: құқыққорғау органдарына, соттарға.Біз жыл сайын жүйелік баяндаманы жариялауға мүдделіміз. Бұл партия қолданып жатқан шаралардың тиімділігі, ол өз ішінен сарапталатын болады. Біз апта бойынша әлеуметтік кәсіптік қызметтермен бірлесіп жұмыс жасаймыз», - деді Б.Байбек.

Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының 15 Съезінде партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев жемқорлыққа қарсы іс қимыл стратегиясын құру тапсырылған болатын. 

Индира Қауметова 

Барлық жаңалықтар