- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Байбек 2015-2020 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасының басым бағыттарын атады
Б.Байбек 2015-2020 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасының басым бағыттарын атады
«Бағдарлама барынша түсінікті және қарапайым тілмен жазылған. Небары 17 бет. Бұл идеологиялық құжат біздің доктринамызға негізделген. Өздеріңіз де білесіздер, өткен жылы біз саяси доктрина қабылдап, билік партиясы жұмысының негізгі 7 бағытын бекіткен едік. Атап айтар болсақ, ол мемелекет пен қоғамды сақтайтын қоғамның құндылықтары: адам, оның құқығы мен еркіндігі, құқық үстемдігі, әділдік, ынтымақтастық, болашаққа деген талпыныс, отбасы мен дәстүр. Осы құндылықтар негізінде жемқорлыққа қарсы күрестің негізін құраймыз», - дейді Б.Байбек.
Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының айтуынша, Қазақстандағы жемқорлықтың алдын алу жолындағы басты шаралардың бірі елдің әрбір азаматына әлеуметтік деңгейіне қарамастан әрбір адамға жемқорлық пен оның кесірін түсіндіріп, осынау заңсыз әрекеттің ақыр соңы неге апаратынын халық арасында кеңінен тарату.
«Жемқорлықтың алдын алу үшін әрбір азаматтың жемқорлықтың тек мемлекетке ғана емес, сонымен қатар әрбір азаматқа да қатысы бар екенін ұғындыру керек. Осылайша ғана біз әлеуметтік дертке қарсы тұра аламыз. Жемқорлыққа қарсы жаңа мәдениет пен сана қалыптастыру керек», - дейді Б. Байбек.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың шілде айында «Нұр Отан» партиясы 2015-2020 жылдарға арналған партияның жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасының жобасын қоғамдық талқылауға ұсынды. Онда бағдарлама жобасын 6 мыңнан астам партиялық ұйымдар мен өңірлік саяси кеңестердің отырысында талқыға салды. Бағдарлама жобасы бойынша партия мүшелерінен, сараптама қауымдастықтары мен ғаламтор қолдданушыларынан 900 шақты ұсыныс пен толықтыру түсіп, соның арқасында бағдарламаның алғашқы мәтіні 40 пайызға дейін өзгертілді.
Индира Кауметова
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды