- Басты
- Жаңалықтар
- Қала саясаты мүгедектерге тең мүмкіндік ұсынуға бағытталған – Алматы әкімі
Қала саясаты мүгедектерге тең мүмкіндік ұсынуға бағытталған – Алматы әкімі
Алматы әкімінің айтуынша, Мүгедектер күнінде қиын жағдайда қалған мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелеріне қоғамдық маңыз берген жөн.
«Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандардың жайлы өмірі үшін барлық жағдай жасалуда. Қалалық емхана экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтарын сақтау мен олардың өмірлеріндегі кедергілерді жою бойынша тұрғындарға теңдей жағдай жасау жолында жұмыстар атқаруда», - дейді әкім.
Кездесуде 700-ден астам нысанның мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігі тұрғысынан паспорттаудан өтті. Шаһарда 615 төмен еденді автобус пен троллейбус жұмыс істейді. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш арта түспек. 1-ші санаттағы мүгедектердің жұмыс орны, оқуы мен түрлі әлеуметтік-мәдени нысандарға қатынауына қызмет ететін «Инватакси» өз жұмысын атқаруда, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарға Алматы қаласынан мемлекеттік тұрғын үй қорының баспанасы берілуде. 2010 жыл мен 2014 жылдың қыркүйегі аралығында Ұлы Отан соғысы мүгедектері, 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер мен мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға 382 пәтер берілді.
«Алматыда 43 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан өмір сүреді. Оларды әлеуметтік қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен жыл сайын шамамен 3 млрд теңге бөлінеді. Мүмкіндігі шектеулі 1 мыңнан астам бала үйге шақыртып арнайы әлеуметтік қызметтер тұтынады. Медициналық-әлеуметтік мекемелердегі 5 мыңнан астам адам осы көмекке қолдары жетіп отыр», - делінген хабарламада.
Хабарламада айтылғандай, Алматыда 23 мыңдай мүгедек еңбекке жарамды. Соның ішінде алты мыңы жұмыс істейді. Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту шаралары «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мен Қаланы дамыту бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр