• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның Азаматтық Альянсы «Нұр Отан» партиясының жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын қолдайды

Қазақстанның Азаматтық Альянсы «Нұр Отан» партиясының жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын қолдайды

9 Қазан, 2014 12:56
Бүгін Астанада өткен дөңгелек үстелде Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымдастырған «Нұр Отан» партиясының жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасының жобасы талқыланды.

Қазақстанның Азаматтық Альянсы 2015-2025 жылдарға арналған «Нұр Отан» партиясының жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын қолдай отырып оның іске асырылуына үлес қоспақ.

«Жемқорлыққа қарсы күрес шараларына барша қоғам болып қатысуымыз керек. Әрбір азамат, үкіметтік емес ұйым, бизнес қауымдастық пен өзге де ұйымдар ат салысу керек. Адал еңбек ұғымын сіңіріп, оқыту институттары, отбасы мен еңбек ұжымдары арқылы жемқорлыққа қарсы дүниетаным санасын ояту керек», - дейді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Оның айтуынша, жемқорлыққа қарсы тек жүйелі жүмыс пен қарапайым азаматтардың көзі көретін нәтижелер ғана халықтың билік пен мемлекетке деген сенімін бекітпек. Бұл сенімнің кепілі ретінде ең алдымен тұрмыстық жемқорлықтың алдын алуға көңіл аудару керек.

Өз кезегінде ҚАА президенті Нұрлан Ерімбетовтің айтуынша, партияның жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасы жобасын қолдай отырып Азаматтық Альянс оны іске асыруға қолғабыс етуге әбден дайын.

Ең алдымен халық арасында күшті ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілгені жөн. Сонымен қатар, елдің санасындағы парақорлық пен жемқорлықтың кесірлі екенін түсіндіру керек», - дейді Н.Ерімбетов.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар