• Басты
  • Колледж студенттері Қарағандының ірі зауытында білім алуда

Колледж студенттері Қарағандының ірі зауытында білім алуда

9 Қазан, 2014 12:17
«Қарағанды металл конструкциялар зауыты - Имсталькон» ЖШС биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап Қарағанды тау-кен индустриялық коллледжінің студенттерін дуалды оқыту жүйесі бойынша оқытуды қолға алды. Мамандық - «Дәнекерлеу ісі».

Зауыт 2-3 курс студенттері үшін 30 оқу жұмыс орнын ұсынды. Бітіруші топтар үшін кәсіпорынның оқу орталығында жекелеген теориялық сабақтар жүргізілуде, деп хабарлады ҰКП.

Зауыт жыл сайын жұмысқа колледждің 15 түлегін қабылдайды. Сонымен қатар, мұнда өндірістік оқыту шеберлері машықтанудан өтеді.

Зауыт колледжге жартылай автоматтандырылған дәнекерлеу аппаратын сыйға тартты және тәжірибелік  сабақтар үшін металдың іскерлік қалдықтарын жеткізуді жоспарлап отыр.

Барлық жаңалықтар