• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Нұр Отан» Фракциясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама жобасын мақұлдады

«Нұр Отан» Фракциясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама жобасын мақұлдады

9 Қазан, 2014 09:16
«Нұр Отан» партиясы Фракциясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы жобасын «Нұр Отанның» Мәжілістегі Фракциясының басшысы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен жиында мақұлдады.

«Бұл "Қазақстан - 2050" Стратегиясы мен партия Доктринасы басымдықтарын ескере отырып жемқорлыққа қарсы мемлекет пен қоғамды біріктіруге арналған құжат», - деді Дариға Назарбаева.

Фракция басшысы жаңа бағдарламаның басты құндылығы – елімізде үш маңызды элементтен тұратын жүйе құру екендігін тілге тиек етті, деп хабарлады «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі.

 «Біріншіден, бұл азаматтар қызметіндегі мемлекет, екіншіден, азаматтық қоғамдағы экономикалық ілгерілеудің қозғаушы күші ретінде мықты бизнес, үшіншіден, жауапкершілігі зор азаматтық қоғам», - деп ойын жалғады Фракция жетекшісі. 

Жиын барысында Фракция мүшелері бірауыздан Бағдарлама жобасын қолдап қуаттап, тиісті қаулы қабылдады.

Бағдарлама жобасына байланысты партия мүшелерінен, сарапшылар қауымдастығынан және интернет-пайдаланушылардан 900-ге жуық ұсыныстар мен толықтырулар түсті. Осының арқасында, Бағдарлама жобасының алғашқы мәтіні 40% ға өзгерді.

Барлық жаңалықтар