• Басты
  • Жаңалықтар
  • Брюссельде Н.Назарбаев пен Бельгия Королі Филипп екіжақты ынтымақтастықты талқылады

Брюссельде Н.Назарбаев пен Бельгия Королі Филипп екіжақты ынтымақтастықты талқылады

9 Қазан, 2014 09:01
Қазақстан Президенті бельгиялықтардың Королі Филиппен кездесуінде екіжақты ынтымақтастықтың саяси және мәдени-гуманитарлық саладағы негізгі аспектілерін талқылады.

«Тараптар сондай-ақ елдеріміздің арасында түрлі саладағы өзара іс-қимыл деңгейі өсіп келе жатқанына тоқтала отырып, ынтымақтастықты бұдан әрі дамыту үшін бірқатар перспективалы бағыттардың бар екенін атап өтті», - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

 

Барлық жаңалықтар