Астанада бір айдың ішінде 9 жылжымайтын мүлік заңдастырылды – әкімдік

8 Қазан, 2014 17:51
Астанада жалпы құны 28 млн. теңгені құрайтын 9 жылжымайтын мүлік нысаны заңдастырылды.

Астанада заңдастыру үшін құжат қабылдау басталғалы бері бір айдың ішінде ғана 260 өтініш тіркелген.Астанада жалпы сомасы 3 млрд. теңгеден асатын мүлікті заңдастыруға қатысты 260 өтініш тіркелген. Мамандардан кеңес алуға 3 201 адам келген. Жылжымайтын мүлік әзірше Алматы ауданында ғана заңдастырылды.

Қала әкімдігінде хабарлағандай, Астанада мүлікті жария ету бойынша аудандық әкімдіктер жанынандағы комиссияларға жиі қойылатын сауалдар негізінен Астана қаласы аумағында орналасқан, құрылыс ережелері мен талаптарына, орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, заңдастырушының жеке меншігіндегі ғимараттарды заңдастыруға байланысты болып келеді.

Айта кетейік, азаматтарға ыңғайлы болуы үшін Астана қаласының барлық аудандық әкімдіктері жанынан арнайы комиссиялар құрылған. Азаматтардан құжаттарды қабылдау әкімдіктердің ғимараттарында жүзеге асырылуда.

 

Барлық жаңалықтар