- Басты
- Жаңалықтар
- О.Сүлейменов Түркі мәдениеті мен Қорқыт ата туралы кітап шығарады (Фото)
О.Сүлейменов Түркі мәдениеті мен Қорқыт ата туралы кітап шығарады (Фото)
Қызылорда облысы әкімдігі мен Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымы бірлесіп ұйымдастырып отырған фестиваль аясында халықаралық ғылыми-теориялық конференция басталып, оған 9 мемлекеттен 29 әйгілі ғалымдар, фольклортанушылар, өнер зерттеушілері қатысып жатыр.
Конференцияның ашылуында сөз сөйлеген облыс әкімі Қ.Көшербаев тарих тағылымын қастерлеп, Қорқыт ата мұрасын түркі әлеміне кіретін әрбір ұлттың ортақ құндылығына айналдыруды мақсат тұтқан Сыр еліндегі ғылыми басқосуды маңызды оқиға деп атап өтті. Қорқыт бабамыздың рухани қазынасын насихаттауға арналған ғылыми-теориялық конференция барысында түркітілдес елдер мәдениетінің бірлігі мен тұтастығы туралы өзекті мәселелер қозғалып, Қорқыттың тарихи тұлғасы мен асыл мұрасы жайында ғылыми баяндамалар оқылды. Ғалымдар тарапынан «Қорқыт» энциклопедиясын және халықаралық деңгейде «Қорқыт» журналын шығару, сонымен қатар Қорқыт туралы көркем фильм, пьеса, музыкалық шығарма жазу жөнінде ұсыныстар жасалды. Сондай-ақ, Қазақстан халық жазушысы Олжас Сүлейменов «Түркі мәдениеті мен Қорқыт ата» жайлы еңбек жазып жатқандығын және көп ұзамай жарыққа шығатындығын жеткізді.
Айта кетейік, 8-9 қазанда Түркі тілдес халықтардың «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты дәстүрлі халықаралық музыкалық өнер фестивалі аясында «Тұран және түркі әлемі» атты Сыр елі қолөнер шеберлерінің этно-археологиялық көрмесі мен халықаралық ғылыми-теориялық конференция және өзге де мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады