Қ.Тоқаев Халықаралық консультативтік кеңестің мүшелерімен кездесті

8 Қазан, 2014 15:54
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық консультативтік кеңестің мүшелерімен кездесті.

Кездесуге Аустрия Республикасының бұрынғы Федеральдық канцлері Альфред Гузенбауэр, Польша Республикасының бұрынғы Президенті Александр Квасьневский, сондай-ақ Италия Республикасының бұрынғы Премьер-министрі және Еуропалық Комиссияның бұрынғы Төрағасы Романо Проди қатысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Сенат басшысы меймандарды Қазақстан Парламентінің құрылымы және қызметімен таныстырды, сондай-ақ ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Женевада өткен сессиясы туралы хабардар етті. 

Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылай келіп, жүздесушілер Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Украинадағы жағдайды реттеуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады.

Барлық жаңалықтар