- Басты
- Жаңалықтар
- А.Дауылбаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының отырысына қатысты
А.Дауылбаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының отырысына қатысты
«Форум жұмысына ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер – Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның жоғарғы қадағалаушы органдарының басшылары, сондай-ақ ШЫҰ-ның Бас хатшысы және ШЫҰ Өңірлік антитеррорлық құрылымы (ӨАТҚ) Атқарушы комитетінің директоры, сондай-ақ бақылаушы-мемлекеттер – Үндістан, Иран және Моңғолия елдерінің өкілдері қатысты», - деп хабарлады ведомство.
Күн тәртібіндегі басты тақырыптар табиғатты қорғау бойынша заңнаманың орындалуы, кәсіпкерлердің, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, сонымен қатар, заңсыз жолмен алынған табыстарды анықтау, тәркілеу және қайтару мәселелері болды.
А.Дауылбаев жиынға қатысушыларды Қазақстандағы трансшекаралық су объектілерін пайдалану, әкімшілік кедергілерді азайту және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған табыс пен мүлікті заңдастыруға қарсы тұру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
Отырыстың қорытындысы бойынша Протокол қабылданып, онда қадағалаушы ведомстволардың басшылары трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күресте ортақ күштерді жұмылдыру, аталмыш бағытта үйлестірілген саясат жүргізуге дайын екендіктерін білдірді.
Ташкентте Қазақстанның Бас Прокуроры Қытайдың, Ресейдің, Тәжікстанның, Өзбекстанның, Иранның, Моңғолияның бас прокурорларымен, Қырғызстан бас прокурорының орынбасарымен, Үндістанның Құқық және әділет министрлігі өкілімен және ШЫҰ мен ШЫҰ ӨАТҚ басшылығымен екіжақты кездесулер өткізді. Кездесулер барысында қылмыспен күрес саласындағы өзекті мәселелер мен ынтымақтастық төңірегінде келелі әңгіме қозғалды.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар