• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Винников: Қазақстан НАТО-ның Орта Азиядағы ең белсенді әріптестерінің бірі

А.Винников: Қазақстан НАТО-ның Орта Азиядағы ең белсенді әріптестерінің бірі

8 Қазан, 2014 14:32
Қазақстан НАТО-ның Орта Азиядағы ең белсенді әріптестерінің бірі болып табылады, деп мәлімдеді НАТО-ның Орта Азия елдерімен өзара байланыс офицері Александр Винников Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де.

«Қазақстан НАТО-ның Орта Азиядағы ең белсенді әріптестерінің бірі. Қазақстанмен арадағы әріптестік негізінен саяси диалог пен тәжірибелік ынтымақтастыққа бағытталған. Сонымен қатар, Қазақстан альянспен арадағы ынтымақтастық саласын өз бетімен таңдайды. Соңғы жылдары БҰҰ операцияларына қазақстандық батальонның қатысу әлеуеті артып келеді», - деді студенттер алдында А.Винников.

Оның айтуынша, НАТО Қазақстанмен бүгінгі таңда үлкен ынтымақтастық құрып отыр. Ынтымақтастық мамандандырылған оқу-жаттығулар, төтенше жағдайлар саласындағы әріптестік, қауіпті жағдайлардың алдын алу мен дер кезінде әрекет ету, қоғамдық дипломатия саласында алға ілгерілеуде.

«Студенттермен кездесуде біз НАТО-ның өңірдегі барлық мемлекеттермен арадағы байланысын таныстырамыз. Биыл біз «Бейбітшілік жолында» әріптестік бағдарламасының 20 жылдығын атап өтеміз. Қазақстан мен көптеген елдер оған 90-шы жылдардың басында қосылған еді. Сонымен қатар, НАТО Саммитінің қорытындысымен бөлісеміз», - дейді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, НАТО Ауғанстанға деген қолдауда үш өлшеммен атқарып отыр. Соның бірі НАТО-ның жаңа «Қорытынды қолдауы» миссиясы. «Миссия әскери емес. Онда ауғандық қауіпсіздік күшін дайындауға басымдылық беріледі. Олардың өз елдерінде тәртіп орнатуына көмек беріледі», - дейді НАТО-ның Орта Азия елдерімен өзара байланыс офицері Александр Винников.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар