Вице-премьер Әсет Исекешев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді

19 Қыркүйек, 2013 14:44
Қарағанды облысына Премьер-министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің төрағалығымен жұмыс тобы келді.

Теміртау қаласында Вице-премьер облыстың активі мен кәсіпкерлерімен кездесу барысында Елбасының халыққа Жолдауындағы тапсырмалар міндетін талқылады. Сонымен қатар, халықты жеке қабылдады.

Оған қоса, Әсет Исекешев үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша жүзеге асып жатқан кәсіпорындар мен құрылыс аудандарына бас сұқты. Айтатын болсақ, ол 25 өнеркәсіп түрі жұмыс істеп жатқан «Сарыарқа» зауытының тыныс-тіршілігімен танысты. Вице-премьер одан бөлек, тағы 3 зауыттың құрылысымен танысты.

 

Барлық жаңалықтар