• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада этникаралық қарым-қатынас саласында ғылыми-зерттеу семинары басталды

Астанада этникаралық қарым-қатынас саласында ғылыми-зерттеу семинары басталды

8 Қазан, 2014 14:03
Бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында екі күндік «Этникаралық қарым-қатынас пен этносаясат саласының ғылыми зрттеуі бойынша ұсыныстар дайындау технологиясы» атты семинар-тренинг басталды.

«Біз бүгін Академияда ҚХА-мен бірігіп этникаралық және конфессияаралық қарым-қатынас саласының ғылыми зерттеуінің қорытындысына арналған семинарды аштық. Соңғы бес жыл ішінде білім және ғылым министрлігі тарапынан аталмыш жүйені қалыптастыруға арналған арнайы гранттар бөлінеді. Бүгінде ғалымдар, біздің ұлттық университеттерді таныстыратын өкілдер аталмыш зерттеу қорытындыларын талқылауда. Біздің мақсатымыз өткізіліп жатқан зерттеулерге тәжірибенің  мұқтаж болуын тудыру, себебі заманауи жүйе ұсыныс пен ғылыми саласыз дамымайды», - деді ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының этникаралық және конфессияаралық  қарым-қатынасты зерттеу орталығының жетекшісі, әлеуметтік ғылымдардың  докторы Айгүл Сәдуақасова мәлімдеді.

Семинар барысында Қазақстанның жаңа этносаясаты талқыланды. Зерттеу жұмыстарының басым бағыттары мен  методологияның бағыттары, этникаралық қарым-қатынасты зерттеудегі ерекшеліктер мәселелері де назардан тыс қалмады.

Оның жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының өкілдері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы, ҚХА халықаралық сарапшылары мен ғылыми-сараптау кеңесінің өкілдері қатысуда.

Семинар-тренинг аясында ертең «Этникаралық үрдістерді өңірлік деңгейде талқылау: Оңтүстік Қазақстан облысының мысалы» атты онлайн-конференция G-Global платформасында өтеді.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар