- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда экспорттық қаржыландыру тетігін қалыптастыру керек – депутат
Қазақстанда экспорттық қаржыландыру тетігін қалыптастыру керек – депутат
«Бүгінде Қазақстанда экспорттық қаржыландыру тетігі жоқ. Астанада жылына 100 тепловоз шығаратын қуаттылыққа ие локомотив зауытын аштық. «Қазақстан Темір Жолы» биыл өз қажеттілігін толық жауып бітеді. Демек енді локомотивтерді сыртқа сату керек. Біз осы өнімімізді сыртқа сатар болсақ, қытайдың осы сынды тауарымен бәсекелестікке түсе бастаймыз. Дегенмен, бізбен салыстырғанда олар жылына 3 пайыздық экспорттық қаржыландыру көздерін қарастырған», - дейді депутат.
Оның айтуынша, тұтынушы барынша тиімді экспорттық қаржыландыру бөлетін тауар өндірушіге көңіл аударатыны анық.
«Өкінішке қарай, екінші үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасында үш жылдық мерзімде мұндай тетік қарастырылмаған. Егер біз елді әрі қарай индустрияландыра түскіміз келсе, зауыттарды көптеп салғымыз келсе, тиісті бағдарламаларды да дайындауымыз керек», - дейді ол.
Депутаттың пікірінше, ҮИИД МБ-2 бюджетінің жобасын әрі қарай талқылау кезінде инновацияны дамыту саласындағы қаржыландыруды қарастыру қажет.
«Қазіргі таңда Қазақстанда қарама-қайшылықты жағдай болып тұр. «Қазаргоқаржы» мен «БРК Лизинг» арқылы 4 пайыздық лизингті импорттық өнімге беріп отырмыз. Оны ел бюджеті жүзеге асыруда. Ал отандық машина құрылысы кәсіпорындарына әкелінген өнімге бұл қарастырылмайды», - дейді ол мемлекеттік бағдарламаның шикілігін айта отырып.
Жалпы, ҮИИД МБ іске асырудың нәтижесінде төрт жарым жыл ішінде 672 жоба жүзеге асырылған. 69 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылды. Индустрияландыру картасы нысандарына 3,2 трлн теңгенің өнімі жеткізілді.
Камила Амирова
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда