Ертең Астанада Қазақстан машина жасаушыларының форумы өтеді

8 Қазан, 2014 11:28
Ертең Астанада Қазақстан машина жасаушыларының II форумы өтеді.

 Форумның басты тақырыбы: «Индустриаландыру 2015-2019 бағдарламасындағы Қазақстанның машина жасауы». Оған қатысуға қазірдің өзінде мемлекеттік органдар мен ассоциациялардың, отандық және шетелдік машина жасау компанияларының 700-ден астам өкілдері қатысатындықтарын растады, деп хабарлады инвестиция және даму министрлігі.

Шара барысында «Автомобиль машиналарын жасау», «Мұнайгаз машиналарын жасау», «Тау-кен машиналарын жасау», «Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау», «Теміржол машиналарын жасау» және «Электротехникалық машиналар жасау» тақырыптарымен дөңгелек үстелдер өткізіледі. 

Сондай-ақ, пленарлық отырыс және саланың мынадай өзекті тақырыптары бойынша тақталы сессиялар өткізіледі:  «ДСҰ, ЕЭК, КО-қа енудің қазақстандық машина жасау саласына әсері», «Машина жасау саласы өнімдерін мемлекеттік сатып алу» және «Машина жасау кәсіпорындарын кадрмен қамтамасыз ету». 

Елордада форум 9-10  қазан аралығында өтеді.

 

Барлық жаңалықтар