• Басты
  • Қазақстан жүк тасымалының алпауытына айналмақшы
20 Тамыз, 2013 00:00

Қазақстан жүк тасымалының алпауытына айналмақшы

Қазақстан жүк тасымалының алпауытына айналмақшы

Қазақстан жүк тасымалының алпауытына айналмақшы. Бұл, бүгінгі Алматыда өткен «Қазақстанның көліктік-транзиттік әлеуеті» атты халықаралық семинарында айтылды.

«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» жүк тасымалының көлемін арттыруға ықпал ететін негізгі инфрақұрылым болмақшы. Бұған қоса, порттың өзінде құрғақ жүктерді жөнелтудің өндірістік қуатын 2,5 млн тоннаға арттыру көзделіп отыр.

Семинарда Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалдау мүмкіндігін кеңейту және транзит әлеуетін дамыту мәселелері сөз болды. Еліміз арқылы 5 халықаралық көлік дәлізі өтеді. Бұл бағыттағы ең басты жобалардың бірі халықаралық автомагистралі болып отыр.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» Орталық Азия және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін Еуропамен байланыстыратын ең қысқа жол. Халықаралық тас жолдың жалпы ұзындығы 8445 шақырым. Ал, еліміздің 2787 шақырымын басып өтетін халықаралық жобаның жалпы құны 5 жарым млрд АҚШ долларын құрайды. Бұл еліміз арқылы өтетін дәліздердің маңыздысы. Бұдан басқа Оңтүстік, Орта Азиялық, ТрансАзиялық темір жол магистралінің солтүстігі және Солтүстік-Оңтүстік тағыда трасека дәлізі бар.

Амангелді Беков, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары: Бұл жоба 2010 жылы басталған. Қазіргі күні, өткен жылдар бойынша 915 км жол жүру ашылды. Биылғы жылы 806 км м\бітіреміз. 548 км Алматы облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысында басталды. Барлық жұмыс 2015 жылдың аяғында аяқталады,- деп отырмыз.

Семинарда «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты», «Халықаралық Ақтау әуежайы»-ның болашақ жобалары таныстырылды. «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» жүк тасымалының көлемін арттыруға ықпал ететін негізгі инфрақұрылым болмақшы. Бұған қоса, порттың өзінде құрғақ жүктерді жөнелтудің өндірістік қуатын 2,5 млн тоннаға арттыру көзделген. Ал, Ақтау халықаралық әуежайы жүктің барлық түрін қабылдайтын болады.

Пилге Зеки, «Халықаралық ақтау әуежайы»-ның сенімді басқарушысы: Ақтау теңіз сауда портының транзиттік әлеуеті үлкен болса, халықаралық Ақтау әуежайында Қазақстан мен Еуропа арасындағы жүк тасымалын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Ол, теңіз сауда портымен және Қазақстан темір жолымен бірігіп жұмыс істейді.

Ал, көлік және коммуникация вице-министрі жүк тасымалының дамуынан басқа еліміздің ақылы жолдарын да атап өтті. Бұл Астана-Бурабай 220 шақырым, Астана-Қарағанды, Батыс Еуропа-Батыс Қытай және Алматы-Қапшағай тас жолы. Жеңіл көліктер үшін бір шақырымы 1 теңге, ал жүк көліктері үшін шақырымы 10-20 теңге болады.

Азат Бектұров, ҚР көлік және коммуникация вице-министрі: Бірінші дәрежелі жолдар ақылы болу керек, біз ақылы жол арқылы пайда табайын,- деп отырған жоқпыз. Бізде жолдарға бөлінген қаржы жетіспейді, сондықтан түскен қаражатты ақылы жолдарды жөндеуге жұмсамақпыз. Әркім өзінің жүрген жолы үшін төлеуі керек, бұл әділ шешім,- деп ойлаймын.

Бағдарлама елбасы тапсырмасының Қазақстан көлік жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін, еліміздің транзиттік әлеуетін жақсартуға бағытталған. Онда еліміз арқылы өтетін транзиттік жүк тасымалын 2020 жылға қарай 2 есеге, 2050 жылға қарай 10 есеге арттыруды көздейді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды