• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматыда Оралхан Бөкейдің көркемсөз туындыларын оқу бойынша байқау өтеді

Алматыда Оралхан Бөкейдің көркемсөз туындыларын оқу бойынша байқау өтеді

7 Қазан, 2014 19:13
Ертең Алматы қаласында Қазақстан халқы тілдерінің XVІ республикалық фестивалі аясында Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХVІ республикалық байқауы өтеді.

Мәдениет және спорт министрлігі хабарлағандай, байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, ел ішінен талапты, талантты жастарды іздеп табу. Көркем шығармаларды оқып-үйрену мен насихаттауда жастардың ықыласы мен қызығушылығын арттыру. 

Байқауға қатысушылар Оралхан Бөкей шығармаларынан басқа елімізге белгілі, сөз өнеріміздің дамуына өзіндік үлес қосқан драматург, ақын-жазушыларымыздың кез-келген шығармаларынан үзінді оқып, өз өнерлерін ортаға сала алады.

 

Барлық жаңалықтар