Астананың үздік кәсіпкерлері анықталады

7 Қазан, 2014 18:24
Астанада жыл сайынғы «Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы жетістігі үшін» байқауында елордалық іскерлер қауымының үздіктері анықталады, деп хабарлады қалалық әкімдік.

Астанада шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін кәсіпкерлерге әр түрлі жеңілдіктер жасалып, жан-жақты қолдау көрсетілуде. Осы мақсатта Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы 2006 жылдан бастап жыл сайын «Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы жетістігі үшін» байқауын өткізіп келеді.

Байқау келесі номинациялар бойынша өтеді:

Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпкер;

Өндіріс саласындағы үздік кәсіпкер;

Жылдың үздік кәсіпкері.

Әр номинацияда І, ІІ, ІІІ орындар қарастырылған. Байқауға қатысу үшін 2014 жылғы 20 қазанға дейін өтініш тапсыру қажет.

2014 жылғы 24 қазанда Ұлттық картина галереясында өтетін байқаудың салтанатты марапаттау рәсімі аясында көрме ұйымдастырылып, онда қатысушылар өз жетістіктерін көрсете алады. Байқау жүлдегерлері өз аудиториясын кеңейтуге, сарапшылар кеңестерін алуға, инвестиция тартуға мүмкіндік алады.

 

Барлық жаңалықтар