- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасының Қазақстан халқының рухани және мәдени дәстүрлерін дамыту бастамасын қолдаймын – Жүнісов
Елбасының Қазақстан халқының рухани және мәдени дәстүрлерін дамыту бастамасын қолдаймын – Жүнісов
«Ұлытау баурайында Президенттің берген сұхбатында бүгінгі таңдағы заманауи экономика, ел тарихы, тіл мен дін мәселесі жан-жақты қамтылды. Ол ел экономикасын өрге сүйреудің бір кілті ретінде білім беру сапасын арттыру керектігін баса айтты. Осы орайда халықтың рухани және мәдени құндылықтарын да өз деңгейінде ұстап тұру қажеттілігіне тоқталды. Жезқазған-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл темір жолының ашылуы өңір үшін стратегиялық маңызды шара екенін, осы арқылы жалпы Қазақстан экономикасының тасы өрге домалайтынын тілге тиек етті», - дейді профессор.
Оның айтуынша, темір жолдың ашылуы адамдарды жұмыспен қамтуда үлкен мәнге ие. Бұл жалпы елдің әл-ауқатын көтермек. Нәтижесінде, көптеген әлеуметтік мәселелер өзінің шешімін таппақ.
«Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқының рухани және мәдени дәстүрлерін дамыту бастамасын қолдаймын. «Хабар» арнасына берген сұхбатында Елбасы елдің мәдени жәдігерлері мен қасиетті орындарды естен шығармау керектігіне тоқталғаны белгілі. Олардың арасында Ұлытау жерінің де ойып тұрып орын алатыны жасырын емес. Осы арқылы Елбасы бүгінгі күн қоғамының дін және тіл мәселесінен де айналып өткен жоқ. Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақ мәселесіне де кеңінен тоқталып, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруда одақтың берері мол екенін баса айтты. Сол сұхбатында Елбасы қазақстандықтардың өткені мен бүгінін сараптай келіп, ертеңі туралы да салиқалы дүниелер айтты», - дейді. Б.Жүнісов.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері