Жамбыл облысында ҮИИД МБ бойынша жаңа 9 өнеркәсіптің ашылуы жоспарлануда

19 Қыркүйек, 2013 10:36
Ағымдағы жылы Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша 21 млрд теңгені құрайтын 9 өнеркәсіптің ашылуы жосапрлануда, деп Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«2013 жылы ҮИИД МБ аясында 21 млрд теңгені құрайтын 9 өнеркәсіптің ашылуы жоспарланып отыр. Ол 700 жұмыс орнымен қамтамасыз етеді», - делінген хабарламада.

Комитеттің мәліметінше аймақта үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша  545,2 млрд теңгені (150,92/$) құрайтын 38 инвестициялық жоба  жүзеге асырылу жоспарлануда. Аталмыш жобалар бойынша 6 мың жұмыс орны ашылмақ.

 

Барлық жаңалықтар