• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенатта экстремизм мен лаңкестікке қарсы тұру мәселелері бойынша заң жобасы қаралды

Сенатта экстремизм мен лаңкестікке қарсы тұру мәселелері бойынша заң жобасы қаралды

7 Қазан, 2014 15:36
Бүгін Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Экстремизм мен лаңкестікке қарсы күрес мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасы қаралды.

Заң жобасы мемлекеттік органдардың құзіреттері мен құқықтарын және міндеттерін нақтылауға бағытталған нормаларды қамтиды. Экстремизм мен лаңкестікке  қарсы күрес мәселелері бойынша жекелеген құзіреттер жергілікті деңгейге берілді, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, заң жобасы арқылы қолданыстағы заңнамада қолданылатын ұғымдар мен анықтамаларды қабылдауды біркелкі етуге бағытталған нақтылау сипатындағы бірқатар түзетулер қарастырылған.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар