Астанада мобильдік үкіметтің мүмкіндіктері көрсетілді

7 Қазан, 2014 15:21
Осы күндері Астанада өтіп жатқан Global e-Government Forum барысында ҚР Инвестициялар мен даму вице-министрі Асқар Жұмағалиев интернетке қосылмаған мобильдік телефондар арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігін көрсетті.

 Жұмағалиев ағымдағы жылы барлық рұқсат құжаттардың автоматтандырылуымен қатар министрліктің электрондық үкіметтің келесі кезеңі – мобильдік үкіметке көшуді бастағанын хабарлады. « Енді қызметтер мен сервистерді SMS-хабарламалар арқылы ұялы телефондардың ең қарапайым модельдерінен де алуға болады», - деді ол.

 

Барлық жаңалықтар