• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Сарышаған» полигонында ұшу-тактикалық оқу-жаттығуының шешуші кезеңі өтуде

«Сарышаған» полигонында ұшу-тактикалық оқу-жаттығуының шешуші кезеңі өтуде

7 Қазан, 2014 16:07
«Сарышаған» полигонында ҚР ҚК Әскери әуе күштерінің ұшу-тактикалық оқу-жаттығуының шешуші кезеңі басталды.

Жауынгерлік атыстарды қамтыған оқу-жаттығуға төрт жүзден астам әскери қызметші, жиырмадан аса ұшақ пен тікұшақ тартылып отыр. Авиация жедел әуеайлағына қайта шоғырланды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

«Шешуші кезең барысында күндізгі және түнгі жағдайларда әуедегі және жердегі нысаналар бойынша «әуе-әуе», «әуе-жер» класындағы жауынгерлік басқарылатын зымырандар жіберілетін болады. Зымырандарды жіберуге тәжірибелі офицерлермен қатар жас ұшқыштар да тартылған. Сонымен қатар, тактикалық есептоптарды жүргізу мен жауынгерлік құжаттарды әзірлеуге айрықша назар аударылып отыр», - делінген хабарламада.

Әскери әуе күштері басқару органдарының, құрамалары мен бөлімдерінің дайындық жоспары шеңберінде өтіп жатқан оқу-жаттығуға
ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов пен ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Әскери әуе күштерінің қолбасшысы полковник Дәурен Қосанов жетекшілк жасауда.

Қазақстан Әскери әуе күштері ТМД мемлекеттері әуе шабуылына қарсы біріккен жүйесінің құрамына кіреді. Бұл ұшу құрамына жауынгерлік тапсырмаларды орындауда үлкен жауапкершілік жүктейді.

Барлық жаңалықтар