• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек көрсету мүмкіндігін қарастыруда – Н.Назарбаев

Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек көрсету мүмкіндігін қарастыруда – Н.Назарбаев

7 Қазан, 2014 14:48
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Украинаның экс-Президенті Леонид Кучманы қабылдады. Кездесу барысында Украинадағы ахуалға қатысты пікір алмасылды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы екі елдің арасындағы ежелден қалыптасқан достық қарым-қатынас өзара тиімді серіктестік негізде дамығанын атап өтті. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Украинаға гуманитарлық көмек көрсету мүмкіндігін  қарастырып жатқанын айтты», - делінген хабарламада.

Өз кезегінде Л.Кучма Қазақстан мен Украинаның түрлі салалардағы қарым-қатынастарын бұдан әрі дамытудың маңыздылығын атай отырып, екі елдің арасындағы өзара іс-қимыл жаңа деңгейге шығатынына сенім білдірді. 

Барлық жаңалықтар