• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада «Қолжетімді баспана-2020» бойынша көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

Астанада «Қолжетімді баспана-2020» бойынша көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

7 Қазан, 2014 15:04
Астанада «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Сейфуллин, Бейсеков көшелерінің қиылысында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді, деп хабарлады қала әкімдігінде.

Кешеннің жалпы пәтер саны – 198, оның 74-і бір, 88-і екі, 16-сы төрт бөлмелі.

«Бүгінгі таңда үйдің құжаттары дайындалу үстінде. Баспана сатып алушылар мен жалға алушылар пулының қатысушылары төлем қабілеттігін қайта растау үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне құжаттар тапсыру аяқталды.  Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы банктен төлем қабілеттілігін растаған Бағдарлама қатысушыларының тізімін алғаннан кейін оларды сатып алу-сату келісімін жасау үшін шақырады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осы жылдың жазында Айнакөл көшесінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үй кешені пайдалануға берілген болатын.

Сонымен қатар, Астанада «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында 2014 жылы 272 пәтерлік тұрғын үй кешенінің құрылысы басталып, оны 2015 жылы аяқтау жоспарланған.

 

 

Барлық жаңалықтар