Қараша айында egov.kz порталында жаңа «Жеке кабинет» іске қосылады –ИДМ

7 Қазан, 2014 14:33
Еgov.kz әзірлеушілерінің айтуы бойынша, жаңа «Жеке кабинет» үш негізі компоненттен тұратын болады: «Дербес құжаттама», «Хабарлама» және «Азаматтың көмекшісі». Аталғандардың соңғысы порталда келесі жылы пайда болатын болса, бірінші екеуі – осы жылдың аяғына дейін болады, деп хабарлады инвестиция және даму министрлігі.

Атап айтқанда, «Дербес құжаттамада» азамат мемлекеттік деректер қорындағы ол туралы барлық бар ақпаратқа: аты және куәлігінің нөмірінен бастап мекенжай тіркеуі мен отбасы жағдайына дейін қолжетімді болады. Одан басқа, құжаттама жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарының иесі туралы, әлеуметтік мәртебесі, сондай-ақ алынған лицензиялары туралы ақпаратты қамтиды.

Азамат өмір бойы мемлекетпен өзара іс-қимылда болады. Еgov-та жеке кабинетті жаңартудың мақсаты – ол өзара іс-қимылды жеңілдету. Мемлекет азаматқа егер жеке куәлікті ауыстыру мерзімі келген жағдайда, егер айыппұл жазылған және оны төлеу керек болғанда, егер балабақшаға баланың кезегінің нөмірі өзгерген жағдайда хабарлайтын болады. Жылдың аяғында пайдаланушының «Жеке кабинетіне» жылжымайтын мүлік құқық иесінің өзгергендігі туралы, көлік жүргізуші куәлігін ауыстыру және техникалық байқаудан өту қажеттілігі туралы, балабақшаға және т.б. баланың кезегінің жылжуы туралы хабарлама келетін болады. Автоматты түрде, кабинеттен шықпай-ақ, ол сонымен қатар аса танымал қызметтерді ала алады» - деп Байланыс, ақпараттандыру және байланыс комитетінің төрағасы Сакен Сарсенов хабарлады.

Хабарлама сонымен қатар азаматтың электрондық поштасына және мобильдік телефонына  жіберілетін болады. Пайдаланушыға қолайлы болуы үшін оларды алуға қол қою немесе жазуға мүмкіншілік берілген. Болашақта egov-та «Жеке кабинеттің» жаңа мүмкіншіліктері заңды тұлғалар үшін де пайда болады.

 

Барлық жаңалықтар