БҚО-да 186 млн теңгенің 10 жаңа жобасы мақұлданды – әкімдік

7 Қазан, 2014 13:32
БҚО-да облыс әкімінің орынбасары Марат Кәрімовтың төрағалығымен өткен өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында 186 млн теңгенің 10 жаңа жобасы қаралып мақұлданды, олар «2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту» мен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларына қатысады.

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, «Ақжайық» ГЕО» ЖШС»-ның «Негізгі қаржыны толықтыру – геологиялық барлау және іздестіру жұмыстарына арналған көшпелі бұрғылау қондырғысын сатып алу» жобасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша өсім ақысын субсидиялап, бір бөлшегін кепілдендіру үшін мақұлданды.

Сондай-ақ, Жеке кәсіпкер «Шишкин П.А»-ның «Негізгі құралдарды сатып алу» жобасы бірден екі бағдарлама бойынша мемлекеттік қолдау алады: моноқалаларды дамыту және БЖК бағдарламасының бірінші бағыты.

«Екі мекеме кредиттік желілер бойынша негізгі қарыздың қалған бөлшегін қайта қаржыландырады, бір мекеме «БЖК-2020» бойынша өсім ақысын субсидиялау үшін субсидияға берілетін қаржына қайта қаржыландырады», - делінген хабарламада.

Мемлекеттік бағдарламаның жаңа қатысушылары  жүк тасымалдау үшін автокөлік, дәріхана бизнесін жүргізу үшін жылжымайтын мүлік, ауыл шаруашылығы техникасы мен ұсақ мүйізді мал сатып алғылары келеді.

 

Барлық жаңалықтар