ЕЭК отырысында ЕАЭО ортақ қаржы нарығының құрылуы талқыланды

7 Қазан, 2014 12:08
Мәскеуде ЕЭК қаржы саясаты мен экономика коллегиясының мүшесі Тимур Сүлейменовтың төрағалығымен өткен қаржы нарықтары бойынша консультативті комитеттің отырысында ЕАЭО ортақ қаржы нарығын құру жұмысының бірқатар мәселелері талқыланды.

Отырысқа ЕЭК-ның, Беларусь, Қазақстан, Ресей елдерінің министрліктері мен ведомстволарының, бұл үш мемлекеттің бизнес-қауымдастықтарының өкілдері қатысты, деп хабарланды ЕЭК-ның ресми сайтында.

Т.Сүлейменов атап өткендей, ЕАЭО ортақ нарығының құрылуы капиталды тиімді бағыттауға мүмкіндік береді, қаржы қызметі нарығында бәсекелестікті арттырып, көпжақты қызмет көрсету кедергілерін жояды. Осы орайда ЕЭК КО мен БЭК қатысушы-елдерінің ұлттық заңнамаларын үйлестіру жұмыстарын жүргізуде. Ол Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы елдердің қаржы нарығын қадағалау мен реттеу мақсатында жүзеге асырылады.

Шара барысында ЕЭК өкілдері КО мен БЭК елдерінің қаржы нарықтарындағы қызметті жүзеге асырудың талаптары мен қызметі туралы мемлекетаралық және мемлекеттік ішкі үдерістерді өткізу бойынша келісім туралы ақпарат таныстырылды.

Сондай-ақ, КО мен БЭК-ке қатысушы елдердің ОСАГО полистерін тану туралы түрлі механизмдер бойынша Тараптардың ұсыныстары қаралды.

«Отырыста КО мен БЭК аймағындағы аудиторлық қызмет келісімі жобасының тұжырымдамасы мақұлданды. КО мен БЭК елдерінің есептік-төлем қарым-қатынастарының интеграциясы және оның дамыту мәселелері талқыланды», - деп хабарлады порталда. 

Барлық жаңалықтар