• Басты
  • Жаңалықтар
  • Апатты және 3 ауысымды мектептерді жаңғырту үшін 2015 жылы 73 млрд теңге бөлінеді – БҒМ

Апатты және 3 ауысымды мектептерді жаңғырту үшін 2015 жылы 73 млрд теңге бөлінеді – БҒМ

7 Қазан, 2014 10:21
Апатты және 3 ауысымды мектептерді жаңғырту үшін 2015 жылы 73 млрд теңге бөлінеді, деп мәлімдеді ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

Апатты мектептерді жою үшін Білім министрлігі бесжылдық жоспар әзірледі. «Көптеген облыстардағы апатты мектептердің мәселесін үш жыл ішінде шешеміз. Жоғары демографиялық өсімі бар облыстарда аталмыш проблеманы шешу 5 жылды қажет етеді. Әрбір облыспен үшжылдық меморандум жасалды, онда республикалық бюджетің қызметі бекітілген. Біз республикалық бюджет қаржысымен үлкен мектептерді салудамыз, ал облыстар жергілікті бюджеттің қаражатына мектеп салу жауапкершілігін алды», - деді министр.

Жалпы, республика бойынша 180 апатты мектеп тіркелген. Оған қоса, Шығыс Қазақстан облысында – 36, Қызылорда облысында – 25, Оңтүстік Қазақстан облысында – 48.

Ведомство басшысы атап өткендей, 2015 жылы апатты және 3 ауысымды мектептерді жаңғырту мен жаңа мектеп, жатақхана салуға 73,9 млрд теңге қарастырылған.

Соынмен қатар, Қазақстанда 3 ауысыммен оқитын 104 мектеп бар, оның ішіне Алматы облысындағы 51 апатты мектеп, Оңтүстік Қазақстан облысындағы 32 мектеп, Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 мектеп кіреді.

«Осы жылы мектеп оқушыларының саны 70 мыңға көбейді. Бұл демографиялық өсім мен халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының көтерілуімен байланысты. Осы жылы біз 150 мектеп салдық, оның 70-і республикалық бюжет есебінен қаржыландырылды», - деді ол.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар