- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы Азия ойындарында табысты өнер көрсеткен қазақстандық спортшыларды құттықтады
Елбасы Азия ойындарында табысты өнер көрсеткен қазақстандық спортшыларды құттықтады
7 Қазан, 2014 09:16
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының Инчхон қаласында өткен XVII жазғы Азия ойындарында табысты өнер көрсеткен Қазақстанның құрама командасын құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы барлық қазақстандықтардың және жеке өз атынан спортшыларды құттықтап, олар біздің құраманың спорттағы жеңістерінен мақтаныш сезіміне бөленетін миллиондаған отандастарымыздың үмітін ақтағанын айтты.
«Азия құрлығының 45 елінің спортшыларымен болған қызу бәсекеде сіздер аса табандылық, шеберлік және жеңіске деген зор ерік-жігер көрсетіп, 84 медаль, соның ішінде 28 алтын медаль жеңіп алдыңыздар. Бұл – Қазақстанның жазғы Азия ойындарына қатысу тарихындағы ең үздік нәтиже, жаңа рекорд», - делінген құттықтауда.
Қазақстан Президенті сондай-ақ біздің құраманың табысы Рио-де-Жанейрода өтетін ХХХІ Олимпиада ойындарындағы болашақ жеңістерімізге жолашар болатынын атап өткен.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады