• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада қазақстандық-америкалық сауда-экономикалық қатынастар талқыланды

Астанада қазақстандық-америкалық сауда-экономикалық қатынастар талқыланды

7 Қазан, 2014 09:02
Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Америкалық-Қазақстандық Іскер Ассоциация (АҚІА) президенті, АҚШ-тың Қазақстандағы тұңғыш елшісі Уиьлям Кортни және АҚІА Атқарушы директоры Сара Фриспен кездесуінде Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар тарту жайын талқылады, деп хабарлады СІМ.

Сондай-ақ,  ҚР өңірлері мен АҚШ штаттарының арасында тікелей қатынастарды орнату, сондай-ақ, америаклық бизнестің халықаралық мамандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу сұрақтары талқыланды.

Е. Ыдырысов сұхбаттасын «Қазақстан-2050» стратегиясы аясында экономиканы әртараптандыру туралы жоспарлар, Үкіметтің «жасыл» экономикаға өту жөніндегі шаралар, және шетелдік инвесторлар үшін жаңа жеңілдіктер туралы хабардар етті.  ҚР СІМ басшысы Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына байланысты америкалық компаниялар үшін туындайтын мүмкіндіктер туралы айтып өтті. Атап айтқанда, ол ассоциация жетекшісін Қазақстанды инвестиция құю және өндіріс орнату бойынша алаң ретінде қарастырып, дайын өнімді Еуразиялық кеңістікте таратуға шақырды.

«Сапар барысында У. Кортни инвестициялар және даму, энергетика, ауылшаруашылығы, ұлттық экономика министрліктері мен ұлттық компаниялармен холдинг басшыларымен кездесулері жоспарланған», - делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар