• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елбасы «Шеврон» компаниясының басшылығымен мұнай-газ саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруды талқылады

Елбасы «Шеврон» компаниясының басшылығымен мұнай-газ саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруды талқылады

6 Қазан, 2014 17:23
Мемлекет басшысы «Шеврон» компаниясы Директорлар кеңесінің мүшелері мен «Шеврон» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Джон Уотсонмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Кездесу барысында Қазақстанның «Шеврон» компаниясымен отын-энергетика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды», - делінген хабарламада.

Д.Уотсон Елбасына компанияның қазіргі қызметі мен біздің еліміздегі мұнай-газ жобаларын жүзеге асыру барысы туралы баяндады.

Кездесу барысында Қазақстанның «Шевронмен» ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, мұнай-газ саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ компанияның мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыруға қатысуы туралы сөз қозғалды. 

 

Барлық жаңалықтар