• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Құрлық әскери бригадасының танк бөлімінің әскери қызметкерлері жаз кезеңінің оқу-жаттығуын тәмамдады

ҚР Құрлық әскери бригадасының танк бөлімінің әскери қызметкерлері жаз кезеңінің оқу-жаттығуын тәмамдады

19 Қыркүйек, 2013 10:02
Алматы облысында өткен батальонды- тактикалық жаттығуға ҚР құрлық әскери бригадасының танк бөлімшесінің әскери қызметкерлері қатысты. Бұл аталмыш кезеңнің соңғы жаттығуы болды, деп ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы облысының  «Көктал» полигонында батальонды - тактикалық жаттығуға Құрлық әскери бригадасы танк бөлімшесінің әскери қызметкерлері қатысты. Бұл аталмыш кезеңдегі соңғы жаттығу болды», - деп хабарламада нақтыланған.

Шара барысында қатысушылар дайындықтарын пысықтап, Т-72 танкісінің штаттық снарядынан және артиллерялық қарудан атудың жауынгершілік сипатын тәжірибеледі. Тактикалық әрекет жүргізу кезінде қатысушылар бірлесіп әрі жылдам түрде жұмыс жасады.

Батальонды - тактикалы жаттығу 200 шақырымға танк батальонымен жету әрекетімен жалғасты.

Министрліктің хабарламасында мәлім болғандай, жаттығудың аяқталуы кезінде бөлімдердің әскери дайындығы жөнінен бөлімшелер арасында тәжірибе алмасу жөні пысықталды.

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар