ШҚО-да 80 әскери отбасы пәтерге ие болды

6 Қазан, 2014 19:01
Аягөз қаласындағы 10810 әскери бөлімшесінің сардарлары мен келісімдегі әскерилерінің 80 отбасына жаңа пәтер берілді, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

Әскерилердің қажеттіліктерін өтеу мақсатында Аягөздегі Оңтүстік әскери қалашағында 80 пәтерлі көпқабатты үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Пәтерлер барлық сұранысқа жауап береді. Орталықтың жылу желісіне қосылған, ыстық-суық су келіп тұр.

Аудан әкімі Нұрбол Нұрғалиев, ҚР ҚК Тылдағы құрлық әскері бас қолбасшысының орынбасары Александр Аширов, «Шығыс» өңірлік командалығының бұйрық берушісі орынбасары Ильичбек Жапаров пен жоғары деңгейдегі сардарлар салтанатты түрде пәтер иелеріне баспана кілттерін табыстады.

«Аудан әкімдігінің хабарлауынша, өңірдегі әскерилердің пәтер мәселесі осымен біржола шешімін тапты», - делінген хабарламада.

 

Барлық жаңалықтар