• Басты
  • Жаңалықтар
  • Энергетика министрлігі 2015 жылы мұнай өндірісінің көлемі 81,8 млн тоннаны құрайды деп болжауда

Энергетика министрлігі 2015 жылы мұнай өндірісінің көлемі 81,8 млн тоннаны құрайды деп болжауда

6 Қазан, 2014 16:37
Энергетика министрлігі 2015 жылы мұнай өндірісі көлемін 81,8 млн тонна болады деп болжады, деп мәлімдеді бүгін ұлттық экономика министрлігі Ерболат Досаев «Нұр Отан» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында.

«2015-2019 жылдары орташа жылдық инвестиция қарқыны 6,3 пайыз деңгейінде болады деп күтілуде. Осы орайда экономиканың басым бағыты шикізаттық сектор болып қала бермек. Өнеркәсіп 1,9 пайыздан 5,8 пайызға дейін өссе, Энергетика министрлігінің болжамынша, мұнай өндірісі көлемі 2015 жылы 81,8 млн тоннаны құрамақ. Ал 2019 жылы 96 млн тоннаға дейін жетеді», - дейді министр.

Жалпы, ЖІӨ өсімі ішкі сұраныс есебінен артып отырғаны белгілі. Ел экономикасына инвестиция өсімі 5,7 пайызды құрады. Бұл өз кезегінде құрылыс жұмыстарының көлемін 4,7% артуына түрткі болды. «Инвестициялық және тұтынушылық сұраныс 2015 жылы 50,1 млрд долларға, 2019 жылы 57,8 млрд долларға дейін артуына мүмкіндік береді», - деді ол.

Сонымен қатар, Е.Досаевтың айтуынша, 2015-2019 жылдары арасында ауыл шаруашылығы жалпы өнімі көлемінің жылдық орташа өсімі 3,9%-ды құрайтын болады. Құрылыс жұмыстары көлемінің орташа жылдық өсу қарқыны 103% деңгейінде, көлік, ақпарат және байланыс қызметтерінің өсімі 2015-2019 жылдары болжам бойынша 7 пайыз деңгейінде болмақ. «Ішкі тұтыну белсенділігі сауда қызметінің өсіміне жол ашпақ», - дейді министр.

«Осылайша, негізгі экспорттық өнімдердің әлемдік бағаларының болжамы мен сала министрліктері тарапынан бекітілген экспортталатын бидай, мұнай, газ, метал өнімдері көлемінің болжамдарына сәйкес, 2015 жылы экспорттың 79,2 млрд доллардан 2019 жылы 93,5 млрд долларға дейін өсуі болжанып отыр», - деп нақтылады министр.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар